Терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 877 Қаулысы
(2026.26.06. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2023.19.10. № 928 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 10 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің
2013 жылғы 28 тамыздағы
№ 877 қаулысымен
бекітілген
Терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу
қағидалары
1. Осы Терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу тәртібін белгілейді.
ҚР Үкіметінің 2026.12.06. № 492 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 26 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен сақтандырылған мүлікті қоспағанда, терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу көрсетілген тұлғаларға (бұдан әрі - мүліктің меншік иелері) тиесілі жоғалған немесе бүлінген мүліктің құнын төлеу жолымен жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2026.12.06. № 492 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 26 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)